Тоқаев Республика күніне орай қазақстандықтарды марапаттады

Республика күні қарсаңында президент жарлығымен бірқатар азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Олардың қатарында еңбек ардагерлері, жұмысшылар, өндіріс, бизнес, білім беру, ғылым, денсаулық сақтау салаларының өкілдері, әскерилер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, мәдениет және өнер қайраткерлері бар.

Өндірісті өркендетуге және агроөнеркәсіп кешенін дамытуға зор үлес қосқаны үшін “Қазақстанның Еңбек Ері” атағы Солтүстік Қазақстан облысындағы “Мәмбетов және К” КС механизаторы М.Қаражұмановқа,  Қарағанды облысындағы “Qarmet” АҚ “Шахтинская” шахтасының учаске бастығы С. Чернобайға берілді.

  • “Отан” орденімен “Галицкое” ЖШС директоры А.Касицин;
  • І дәрежелі “Барыс” орденімен “Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны” ЖШС басқарма төрағасы К.Исаев, Қазақстан журналистикасының ардагері С. Харченко;
  • ІІ дәрежелі “Барыс” орденімен “Ақтоғай” су электр стансасының директоры Т.Баймолдаев, Ұлттық ғылым академиясының академигі О.Сәбден, еңбек ардагері Е.Тәжиев, “Алматы әуендері” концерттік оркестрінің бас дирижері М.Серкебаев және басқалар;
  • ІІІ дәрежелі “Барыс” орденімен К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің профессорлары А.Алматов пен Н.Измаилов, “Ақсайгазсервис” АҚ холдингі компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Т.Шектебаев, ақын Ә.Беркенова және басқалар наградталды.

Еліміздің рухани кемелденуіне және зияткерлік әлеуетінің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін белгілі ғалымдарға, мәдениет қайраткерлеріне және өндіріс саласының өкілдеріне “Парасат” ордені берілді.

Бейбітшілікті, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін “Social theater-Camogli” (Италия) театрының көркемдік жетекшісі Аквавива Джузеппе ІІ дәрежелі “Достық” орденіне лайық деп танылды.

“Құрмет” орденімен марапатталғандардың қатарында Астанадағы № 3 қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері М.Абдуов, “Құмқұдық” ЖШС бас инженері Б.Айтжан, “QazaqGaz Aimaq” Алматы өндірістік филиалының слесарі Г.Жасыбаева және басқалары бар.

Ұлт бірлігін нығайту және қоғамдық келісімді қамтамасыз ету жолындағы жемісті еңбегі үшін “Ел бірлігі” орденімен “Ахыска” түрік этномәдени орталығының Шымкент қаласы филиалының төрағасы Л.Асанов, Павлодар облысы бойынша орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының төрағасы В.Берковский, “Возрождение” Қазақстан немістері бірлестігі қамқоршылар кеңесінің төрағасы Е.Больгерт, “Таң” татар-башқұрт этномәдени орталығының төрағасы Р.Валиев, “Дустлик” өзбек этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы төрағасының орынбасары А.Исматуллаев марапатталды.

Өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа да өндірістік салалардың еңбеккерлері III дәрежелі “Еңбек Даңқы” орденінің кавалері атанды.

“Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” құрметті атағы мәдениет саласының көрнекті өкілдері З.Алтынбаеваға, Ә.Алтынбекке, Н.Жмеренецкаяға, Б.Қажыбаевқа, белгілі кәсіпкер, қоғам қайраткері И.Сауэрге және тағы да басқаларға берілді.

“Қазақстанның халық жазушысы” атағына ақын М.Айтқожа, жазушы Ғ.Қабышұлы, “Қазақстанның халық әртісі” атағына музыка, театр және кино өнерінің көрнекті қайраткерлері Б.Әбділманов, М.Өтекешова, А.Жайымов, Т.Жанқұл, Ш. Жанысбекова, Б.Ибраев, К.Қазақбаева, Р.Машурова лайық деп танылды.

Денсаулық сақтау және ғылым саласының бірқатар өкілі “Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері” және “Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері” құрметті атақтарына ие болды.

Сонымен қатар белгілі археолог З.Самашев, тарихшы М.-А.Сыдықназаров Қазақстан Республикасының А.Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

Әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, ұлттық қауіпсіздікті нығайту кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы ІІ дәрежелі “Даңқ” орденімен, I, ІІ, ІІІ дәрежелі “Айбын” орденімен, “Ерлігі үшін” және “Жауынгерлік ерлігі үшін” медальдарымен марапатталды.

Фото: Ақорда

  • Related Posts

    Мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады?

    Мамыр айында қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Мамыр айында елімізде 4 мереке тойланады….

    Толығырақ

    Новороссийск портына дрон шабуылы: Қазақстанның энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

    Қазақстанның энергетика министрлігі Новороссийск портына дрон шабуылына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Кеше дрондар шабуылы кезінде…

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 64 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 130 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 62 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 57 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 98 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды