Тоқаев Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қоюға барады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсіміне қатысады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. 

Ақорда 22 қаңтар күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсіміне қатысу үшін Давос қаласына жұмыс сапарымен баратынын хабарлады.

Бұған дейін хабарланғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев Газа бойынша құрылып жатқан Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіруге Дональд Трамптан ресми шақырту алған алғашқы мемлекет басшыларының бірі болды. Сондай-ақ Қазақстанға осы кеңестің құрушы мемлекеттерінің бірі болу ұсынылды. Президент АҚШ көшбасшысына жауап хат жолдап, шақырту үшін алғысын білдіріп, жаңа бірлестікке қатысуға келісімін жеткізді.

Бұған дейін 22 қаңтар күні Давоста Трамп Газа секторындағы жағдайды реттеуге арналған Бейбітшілік кеңесінің жарғысын жариялау рәсімін өткізетіні хабарланған болатын. Вашингтонның тұжырымдамасына сәйкес, Бейбітшілік кеңесі Газадағы бейбіт дамуға қатысты міндеттемелердің орындалуын стратегиялық бақылауға, халықаралық ресурстарды жұмылдыруға және қадағалауға жауапты болады.

Ақ үйдің мәліметінше, құрушы атқарушы кеңеске (founding executive board) дипломатия, девелопмент, инфрақұрылым және экономикалық стратегия салаларында тәжірибесі бар жеті көшбасшы енеді.

Күтілгендей, құрушы атқарушы кеңестің әрбір мүшесі Газаны тұрақтандыру үшін аса маңызды жеке бағыттарға жауап беретін болады.

Сонымен қатар, жаңа үкіметтің қызметін бақылайтын Газа атқарушы кеңесі (Gaza executive board) құрылады. Бұл кеңеске 11 адам, оның ішінде құрушы атқарушы кеңестің төрт мүшесі кіреді.

Фото: Ақорда 

Related Posts

Тоқаев ШҚО әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін…

Толығырақ

Өскемен қаласының экс-әкімі Жақсылық Омарға үкім шықты

2026 жылғы 3 сәуірде Өскемендегі қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотта Жақсылық Омарға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды+7.kz ақпарат агенттігі….

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 129 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 60 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды