Туристік орындарды қалпына келтіру: Тоқаевтың тапсырмасынан кейін шенеуніктер жазаланды

Тоқаевтың туристік орындарды қалпына келтіру туралы тапсырмасынан кейін шенеуніктер жазаланды, деп хабарлайды +7.kz

Тоқаев үкіметке тез арада елдегі барлық туристік бағыттың жағдайын реттеп, қате жіберген жауаптыларды жазалауды тапсырған. Курорттық аймақтарды инспекциялау жұмысы нәтижесінде шаралар қабылданып, шенеуніктер жауапкершілікке тартылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың басшылығымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.

10-12 шілдеде Алматы, Қарағанды, Жетісу және Абай облыстарына инспекциялық сапар барысында бірқатар заң бұзушылықтар анықталды.

Жұмыс тобының мүшелері туристермен кездесулер өткізді. Қапшағай су қоймасындағы, Алакөл және Балқаш көлдеріндегі инфрақұрылыммен танысты. Азаматтардың туристік инфрақұрылымның жағдайына, сервистің жеткіліксіз деңгейіне және қауіпсіздік шараларының жоғытығына қатысты хабарламалары расталды.

Әсіресе, коммуналдық жағажайлардың жағдайы ерекше назарға алынды. Онда абаттандыру нормаларын бұзу, чек бермей жұмыс істейтін бизнес субъектілерінде кассалық тәртіптің болмауы, сондай-ақ санитариялық талаптар мен қауіпсіздік нормаларын елемеу фактілері тіркелді.

Инспекция қорытындысы бойынша және Президенттің тапсырмасын орындау үшін жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік жаза қолданылды:

– туризмді дамытуға жауапты туризм және спорт вице-министріне, Алматы, Қарағанды, Абай және Жетісу облыстары әкімдерінің орынбасарларына қатаң сөгіс жарияланды;

– Қонаев, Балқаш қалаларының, Алакөл, Мақаншы аудандарының әкімдеріне, ауылдық округтердің әкімдеріне сөгіс жарияланды;

– кәсіпкерлікке, туризмге, қоршаған ортаны қорғауға, сәулет пен саудаға жауапты облыстық басқармалардың басшыларына жазалау шаралары қолданылды;

– экология және табиғи ресурстар, денсаулық сақтау, қаржы, су ресурстары және ирригация, сауда және интеграция, көлік министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің басшылары жауапкершілікке тартылды.

Тексеру нәтижесі бойынша туристік инфрақұрылымды дамытудың Жол картасы дайындалатын болады.

Еске салсақ, осыған дейін Тоқаев туристік орындарды қалпына келтіріп, кінәлілерді жазалауды тапсырды.

Related Posts

Мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Мамыр айында қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Мамыр айында елімізде 4 мереке тойланады….

Толығырақ

Новороссийск портына дрон шабуылы: Қазақстанның энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

Қазақстанның энергетика министрлігі Новороссийск портына дрон шабуылына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Кеше дрондар шабуылы кезінде…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды