Токио мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сапарына дайындық жұмыстарын бастаған. Фотосуреттер мен бейнежазбалар жарияланды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін Ақорданың баспасөз қызметі Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 18–20 желтоқсан күндері ресми сапармен Жапонияға баратынын хабарлаған болатын. Сапар Қазақстан мен Жапония арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға, сондай-ақ саяси, экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.

Ресми сапар аясында Мемлекет басшысы Жапония Императоры Нарухитомен, премьер-министр Санаэ Такаичимен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті жапон бизнес қауымдастығының өкілдерімен жүздесіп, инвестициялық ынтымақтастық, өнеркәсіп, энергетика, жоғары технологиялар және инновациялар салаларындағы бірлескен жобаларды талқылайды.
Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев “Орталық Азия – Жапония” саммитіне де қатысады. Бұл алаңда аймақтық қауіпсіздік, тұрақты даму, экономикалық байланыстарды тереңдету және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері қарастырылмақ.
Фото: Борт-1
Посмотреть эту публикацию в Instagram








