Тоқаев туристік орындарды қалпына келтіріп, кінәлілерді жазалауды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке қысқа мерзім ішінде елдегі барлық туристік орындардың жағдайын ретке келтіріп, кінәлілерді жазалауды талап етті, деп хабарлайды +7.kz.

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың хабарлауынша, барлық туристік аймақтар толықтай тексеріліп, кемшілікке жол берген лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылады.

“Мемлекет басшысы халықтан келіп түскен көптеген шағымға байланысты Алакөл маңындағы әйгілі туристік аймақтың демалушыларды қарсы алуға дайындығы төмен екеніне Үкіметтің назарын аударды. Қажетті туристік инфрақұрылымның, сапалы қызмет көрсетудің және қауіпсіздіктің жеткіліксіз екені атап өтілді», – деп жазды Желдібай Telegram парақшасында.

Үкіметке елдегі барлық туристік орындарды қысқа мерзім ішінде ретке келтіру, сондай-ақ кемшілікке жол берген лауазымды тұлғаларды анықтап, жауапқа тарту тапсырылды.

Еске сала кетейік, қаңтар айында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда туризмді дамыту жұмыстарының баяу жүріп жатқанын атап өткен болатын.

«Бұл – шұғыл шешуді талап ететін мәселе. Туризм ел экономикасының жаңа өсу нүктесіне айналуы керек. Бұл салада артта қалып келеміз, істеліп жатқан жұмыстың нәтижесі көңіл көншітпейді», – деген еді президент.

Оның айтуынша, еліміздің әр өңірінде туристер үшін тартымды орындар бар. Сондықтан қажетті инфрақұрылымды салу жұмысын, соның ішінде жеке инвесторларды тарта отырып, дереу бастау қажет.

Фото: gov.kz

Related Posts

Мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Мамыр айында қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Мамыр айында елімізде 4 мереке тойланады….

Толығырақ

Новороссийск портына дрон шабуылы: Қазақстанның энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

Қазақстанның энергетика министрлігі Новороссийск портына дрон шабуылына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Кеше дрондар шабуылы кезінде…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды