Түркістан облысында дене шынықтыру сабағы кезінде оқушы көз жұмды

Түркістан облысындағы дене шынықтыру сабағында бесінші сынып оқушысы көз жұмды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Прокуратура оқушының өліміне қатысты тергеу аяқталғанша дене шынықтыру мұғалімін жұмыстан шеттете тұруды ұсынды.

Қайғылы оқиға Шардара ауданындағы Қ.Аманжолов атындағы жалпы білім беру мектебінде болды. Алдын ала мәлімет бойынша, оқушы дене шынықтыру сабағында құлап, жарақат алған.

“Мұғалім мен мектеп фельдшері алғашқы медициналық көмек көрсетіп, баланы Шардара аудандық ауруханасына жеткізді. Алайда, дәрігерлер бар күшін салғанына қарамастан, оқушы ота кезінде қайтыс болды. Оқиға облыстық білім басқармасының бақылауында”, – деп хабарлады ведомство.

Мұғалім әлі жұмыс істеп жатыр, мектеп қазіргі уақытта күзгі демалыста. Алайда, Шардара аудандық білім бөлімінің басшысы Жанат Мұсатаеваның айтуынша, прокуратура тергеу жүргізілгенше мұғалімді уақытша жұмыстан шеттету туралы ұсыныс берді.

“Бұл мәселе келесі аптада қаралады және мұғалім сабақ басталғанға дейін өз міндетінен уақытша шеттетіледі”, – деп түсіндірді Жанат Мұсатаева.

11 жастағы оқушының өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды.

“Қазіргі уақытта полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп, барлық мән-жайларды анықтау үшін қажетті шараларды қолға алып жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша құқықтық баға беріліп, заңға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады”, – деп хабарлады Түркістан облысының полиция департаменті.

Фото: depositphotos.com

Related Posts

Тоқаев ШҚО әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін…

Толығырақ

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.  Бұл туралы құқық қорғаушы Ләззат Ракишева желідегі…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 129 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 60 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды