Түркияның Балыкесир аумағында 6,1 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.
Балыкесирдің Сындыргы қаласында 6,1 балдық жер сілкінісі болды.
Жер сілкінісі Балыкесирде, сондай-ақ Ыстамбұл, Маниса, Измир және Айдын сияқты басқа провинцияларда сезілді.
Жер сілкінісі салдарынан қираған ғимараттардың бар екені айтылды.
Айта кетейік, 10 тамызда Сындыргыда 6,1 балдық жер сілкінісі болып, бір адам қаза тауып, 29 адам жараланған еді.
Фото: pixabay.com
Посмотреть эту публикацию в Instagram








