WhatsApp енді хабарламаларды бірден басқа тілге аударады

WhatsApp желісінде енді хабарламаларды тікелей аударуға болады, деп хабарлайды +7.kz.

Бұл туралы компанияның ресми парақшасында айтылды.

“Егер сізге басқа тілде хабарлама келсе, оны басып тұрып, “Аудару” батырмасын таңдасаңыз жеткілікті. Содан кейін аударғыңыз келетін тілді таңдайсыз. Тілді жүктеп алсаңыз, ол болашақ аудармаларда автоматты түрде қолданылады”, – делінген хабарламада.

Аталған мүмкіндік жекелеген чаттарда, топтарда және арналардағы жаңартуларда қолжетімді.

Сонымен қатар, аударма кезінде құпиялық сақталатыны айтылды. Хабарламалардың мазмұнына WhatsApp қол жеткізе алмайды.

WhatsApp желісінің жаңа функциясы Android қолданушыларына да қолжетімді.  Чатты автоматты түрде аударуды қосып қойса, жаңа келген хабарламалар бірден таңдалған тілде көрінеді.

“23 қыркүйектен бастап біз хабарламаларды аудару функциясын Android және iPhone қолданушыларына кезең-кезеңімен іске қоса бастаймыз. Қазір тек бірнеше тіл бар, бірақ алдағы уақытта олардың саны артады”, – деді компания өкілдері.

Қазіргі уақытта Android жүйесінде алты тіл қолжетімді: ағылшын, испан, хинди, португал, орыс және араб. Ал iPhone қолданушыларына бірден 19-дан астам тіл ұсынылған.

Фото: pixabay.com

Related Posts

Тоқаев ШҚО әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін…

Толығырақ

Өскемен қаласының экс-әкімі Жақсылық Омарға үкім шықты

2026 жылғы 3 сәуірде Өскемендегі қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотта Жақсылық Омарға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды+7.kz ақпарат агенттігі….

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 129 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 60 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды