Яна Легкодимованың ісі: Прокурор күдіктілерді өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады

Яна Легкодимованың ісі бойынша прокурор сотта күдіктілерді өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Қылмыстық істер жөніндегі сотта кәмелетке толмаған жәбірленушіге қатысты аса ауыр қылмыс жасағаны үшін айыпталған Қайыржанов пен Катимовке қатысты іс бойынша жарыссөз өтті.

Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, сот тергеуі барысында жинақталған дәлелдер айыпталушылардың кінәсін толықтай дәлелдейді.

“Сот отырысында айыпталушылар өз кінәсін тек айғақтардың дәйекті түрде ұсынылғанынан кейін ғана ішінара мойындады. Тергеу кезінде алынған хат алмасуларда олардың жәбірленушіні өлтірудің түрлі тәсілдерін талқылағаны анықталды. Олар 20-ға жуық тәсілді ұсынған, соның ішінде улау, тұншықтыру, соққы жасау, өрт қою және өзге де қатыгез әрекеттер бар”, — деді прокурор.

Айыптаушының сөзінше, айыпталушылар қылмыс жасағаннан кейін ешқандай өкініш сезінбеген, керісінше  ішімдік ішіп, көңіл көтерген. Бұл олардың әрекетіне тән қатыгездік пен адам өміріне деген немқұрайлықты көрсетеді.

Сот-психиатриялық сараптама қорытындысына сәйкес, айыпталушылар қылмыс жасаған сәтте ақыл-есі дұрыс болған, өз әрекеттерінің қоғамға қауіптілігін толық түсінген. Медициналық сараптама да олардың есірткі немесе алкоголь әсерінде болмағанын анықтаған.

“Істің мән-жайын, айыпталушылардың әрекеттерінің жоғары қоғамдық қауіптілігін және аса ауыр санаттағы қылмыс жасағанын ескере отырып, олардың қоғамнан оқшаулануын қажет деп санаймын. Осыған байланысты Қайыржанов пен Катимовке ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 7 және 8-тармақтары бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын, — деді мемлекеттік айыптаушы.

Сонымен қатар прокурор сот шығындарын және жәбірленуші тараптың өтемақысын сотталушылардың өздерінен өндіріп алуды сұрады.

Прокурордың ұсынысы бойынша, Қайыржанов пен Катимов мемлекет кірісіне 816 623 теңге көлеміндегі сот сараптамаларының шығындарын, сондай-ақ Қорғау және жәбірленушілерге өтемақы төлеу қорына әрқайсысы 37 АЕК көлемінде міндетті төлем төлеуге тиіс.

Фото:  Instagram.com (@legkodimova_)

Related Posts

Тоқаев ШҚО әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін…

Толығырақ

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.  Бұл туралы құқық қорғаушы Ләззат Ракишева желідегі…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 129 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 60 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды