Ыстықкөлде 21 жастағы қазақстандық боксшы Ибрагим Ирисматов суға батып кетті, деп хабарлайды +7.kz.
Айта кетейік Ыстықкөлде 22 жасқа дейін қазақстандық боксшылар командасының оқу-жаттығу жиыны өтіп жатқан. Алайда спорт басқармасы Ибрагим Ирисматовтың Қырғызстанға өзі барғанын, ұлттық команданың жаттығуларына қатыспағанын мәлімдеді.
Шымкенттің спорт басқармасы Ибрагим Ирисматовтың қалалық Кәсіби бокс клубының (спорттық сауықтыру кешені) спортшысы екенін растады. Алайда оның Ыстықкөлде өтіп жатқан жаттығуларға қатысы жоқ.
“Жас жігіт Қырғызстанға демалу үшін өз ақшасына барған және басқа базада жатқан”, – деп түсіндірді ведомство өкілдері.
Қазақстан бокс федерациясы қайғылы оқиға болған кезде ұлттық құрама жоспарлы жиында болғанын растады. Ал Ирисматов қатысушылар тізімінде болмаған. Қайғылы жағдайдың команданың дайындығына қатысы жоқ, деп қосты федерация өкілдері.
Фото: pixabay.com








