Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов ұлттық құраманың қараша айында өтетін ойындарына шақырту алмады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.
Футболшы Солтүстік Македониямен өткен ойында алған сары қағазы мен клуб сапында алған жарақатына байланысты Бельгия және Фарер аралдарымен өтетін ойынға қатыса алмайды.
Еске салсақ, осыған дейін Бақтиер Зайнутдиновтің футболдан Қазақстан құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі алдағы екі ойынына қатыса алмайтыны белгілі болды.
Фото: ҚФФ








