Жамбыл облысында 12 оқушы тамақтан уланып қалды

Жамбыл облысында 12 оқушы тамақтан уланып қалды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Оқыс оқиға бүгін Жамбыл облысы Байзақ ауданы Мырзатай ауылында болды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімдігінің ресми хабарламасына сәйкес 2025 жылғы 11 қараша күні сағат 11:07–де Байзақ ауданының Мырзатай ауылында орта мектеп оқушыларының тамақтан улану оқиғасы тіркелді.

Аудандық орталық аурухананың мәліметінше, 11 қараша таңертең балалар мектептің қарсы бетіндегі жеке дүкеннен сатып алған жылдам дайындалатын тағамдарды (сэндвич, бургер, кириешки) тұтынған. Арада 1–2 сағат өткен соң балаларда жүрек айну, құсу, бас ауруы және әлсіздік сияқты улану белгілері байқалған.

“Барлығы 12 оқушы Байзақ аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде тексерістен өтті. Балалардың жағдайы тұрақты, нашарлау белгілері жоқ. Қазір науқастарға тиісті ем-шаралар көрсетілді. Зертханалық тексерулер жүргізіліп, уланудың себебі анықталып жатыр. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, облыстық білім басқармасының басшысы, аудан басшылығы оқиға орнына барып, тиісті шаралар қабылдауға кірісті. Жағдай тұрақты, бақылауда. Балалар үйлеріне қайтарылды”, — делінген хабарламада.

Әкімдік ата-аналарға үндеу жасап, тез дайындалатын тағамдарды тұтынуға шектеу қоюға кеңес берді.

“Балаларыңыздың денсаулығын сақтау үшін мектеп маңындағы дүкендерден немесе белгісіз жерлерден алынатын дайын тағамдарды азайтып, үйде қауіпсіз әрі пайдалы тамақ беріңіз. Сондай-ақ, балаларға дұрыс тамақтанудың маңызын түсіндіріңіз. Балалардың денсаулығы — бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз”, — деп ескертті ведомство.

Related Posts

Мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Мамыр айында қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Мамыр айында елімізде 4 мереке тойланады….

Толығырақ

Новороссийск портына дрон шабуылы: Қазақстанның энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

Қазақстанның энергетика министрлігі Новороссийск портына дрон шабуылына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Кеше дрондар шабуылы кезінде…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды