Жамбыл облысында сарбаз ант қабылдау кезінде көз жанарынан айырылды

Жамбыл облысында әскери қызметкер ант қабылдау кезінде көз жанарынан айырылды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” жаңалықтарына сілтеме жасап.

Таулы-егерлік полкіне жас сарбаздарды салтанатты қабылдау шарасы сенбіде өткен. Жас жауынгерлерді жігерлендіру үшін оттан секіру, жекпе-жек шайқас және басына бөтелке сындыру сынды шоу ұйымдастырылған. Алайда сәтсіз соққыдан соң 24 жастағы азаматтың есеңгіреп қалғанын көруге болады. Сөйтсе еш дайындығы болмапты.

“Ол жерде қауіпсіздік талабы бойынша бала қол қою керек. Мен кірейін деп жатырмын. Алдында бір-екі рет істегенмін деген сияқты. Бар ма білмейміз? Бала қол қойды ма? Қол қойған жоқ”, – дейді сарбаздың туысы Таңшолпан Айнабек.

Ал анасы сенім артқан жалғыз баласының мұндай жағдайға тап болғанына ашынады.

“Мен жалғызбасты анамын. Асыраушым осы ақ бала. Армиядан келгеннен кейін баламды жұмысқа кіргіздім. Осы балам асырайды мені. Бала үйленбеген бойдақ. Енді болашағы қалай? Жұмыс істетпейді ғой военныйлар да. Басқа не жұмыс істейді білмеймін?”, – Ж.Молдақұновтың анасы Гүлзира Байқонысова.

4 жылдан бері келісімшарт негізінде әскери қызметкер болған Жақсылық жанары ағып кеткенін өзі білмейді. Психологиялық соққы болмас үшін емделуге үміт бар деп жұбатып отыр. Ал дәрігерлер қарашығы жоқ көзді тігіп қойғанын айтады.

“Операцияның мақсаты бұл жерде пациенттің ағып кеткен көзінің ішіндегі қабықшаларын жинап, тігіп, көзін мүше түрінде сақтап қалу. Жарақат алған оң көзі сол көзіне әсер етпес үшін болашақта қазір үлкен ем жасалуда”, – дейді Жамбыл облыстық офтальмологиялық орталығы бас дәрігерінің орынбасары Жансая Сыдықова. 

Ал әскери бөлім басшылары бір көзінен айыылған азаматты әлі мүгедек қатарына қосу ерте дейді. Соңғы сараптама нақтыласа қажет көмек көрсетеміз деп отыр. 

“Мүгедек боп кетті деп айтуға әлі ерте. Өйткені медициналық сараптама әлі өткен жоқ. Ем әлі қабылданып жатыр. Әскери қызметшіге біз барлық көмегін көрсетеміз”, – дейді 91/678 әскери бөлімнің командирі Бауыржан Есалы.

24 жастағы жігіттің жағдайына алаңдаулы анасы қорғаныс министрлігіне болған жайды құлақ қағыс еткісі келеді. Анығы жәрдем сұрайды.

Фото: Видеодан скрин

  • Related Posts

    Тоқаев ШҚО әкімін қабылдады

    Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін…

    Толығырақ

    Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды

    Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.  Бұл туралы құқық қорғаушы Ләззат Ракишева желідегі…

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 64 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 128 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 60 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 57 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 98 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды