Жаңа заң: Алматыда банк деректерін өзгеге берген әйел қамауға алынды

Алматыда өз банк деректерін өзгеге пайдалануға берген дроппер ұсталды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы қаласында жергілікті тұрғын жаңа енгізілген ҚР Қылмыстық кодексінің 232-1-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Аталған бап өз банк немесе тіркеу деректерін құқыққа қарсы мақсаттарда пайдалануға беруге тыйым салады.

Еске сала кетейік, “дропперлер” деп аталатын тұлғаларға қатысты қылмыстық жауапкершілік 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап енгізілген. Жаңа норма алаяқтардың ұрланған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруына немесе басқа шоттарға аударуына мүмкіндік беретін қаржылық делдалдардың әрекетіне тосқауыл қоюды көздейді.

Тергеу барысында жеке кәсіпкер өз тіркеу деректері мен QR-кодын белгісіз адамдарға бергені анықталды. Осы деректер арқылы алаяқтық белгілері бар күмәнді ақша аударымдары жүзеге асырылған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

“Бұл – заңсыз қаржылық операциялар үшін банктік деректерін пайдалануға берген жеке адамның қылмыстық жауапкершілікке тартылып, қамауға алынған еліміздегі алғашқы оқиға. Жаңа норма бұған дейін жауапкершіліктен тыс қалып келген қаржылық алаяқтық тізбегін тиімді түрде тоқтатуға мүмкіндік береді. Полиция осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды қатаң түрде жалғастырады”, – деді Алатау аудандық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Тимур Мулинов.

Алматы қалалық полиция департаменті азаматтарға өздерінің банк және тіркеу деректерін бөгде адамдарға бермеуді ескертеді. Мұндай әрекет, шот иесі пайда таппаған жағдайдың өзінде, қылмысқа қатыстылық ретінде қарастырылуы мүмкін.

Фото: polisa.kz

Related Posts

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды

Қызылордада зорланған 16 жастағы қыз бала босанды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.  Бұл туралы құқық қорғаушы Ләззат Ракишева желідегі…

Толығырақ

Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жауын күтіледі

Барлық өңірде циклондар мен антициклондардың ауысуына байланысты жайлы ауа райы жаңбырлы ауа райына ауысады. Бұл туралы “Қазгидромет” синоптиктерінің 2026…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 129 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 60 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды