Жаңaөзенде ер адам дәрігерді жұмыс орнында пышақтап кеткен

Жаңаөзендегі медициналық мекеменің дәлізінде ер адам дәрігерді пышақтап кеткен. Дәрігер оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің алдын ала мәліметінше, ер адамдар арасында тұрмыстық сипаттағы жанжал туындаған. Нұсқалардың біріне сәйкес, қақтығысқа қызғаныш себеп болуы мүмкін. Шабуылдан кейін күдікті Жаңаөзен қаласының полиция басқармасына өзі келіп, жасаған қылмысын мойындаған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі “Адам өлтіру” бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр, полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепёха жаңа “медициналық қызметкерлерді қорғау туралы” заңды ескере отырып, қылмысты саралау жөніндегі шешімді тергеуші қабылдайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, адам өлтірудің өзі аса ауыр қылмыстар санатына жатады және қосымша негіздерді қажет етпейді.

“Заңдағы жаңа нормалар медицина қызметкерлеріне қатысты қорқыту мен күш қолдануға байланысты. Ал адам өлтіру жағдайында басқа саралаушы белгілер қолданылады”, — деп қосты Лепёха.

Еске салайық, қаңтар айында Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге медицина қызметкерлерін қорғауды күшейтетін өзгерістер енгізілген болатын. Түзетулер дәрігерлер мен жедел жәрдем қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін атқару кезінде қорқыту және күш қолдану үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейді.

Фото: depositphotos.com

Related Posts

Жеке деректердің тарап кетуі: Қазақстандықтар ЖСН ауыстыруы керек пе?

Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков қазақстандықтардың жеке деректерінің тарап кетуіне байланысты “ЖСН-ді ауыстыру керек пе?” деген сұраққа жауап берді, деп…

Толығырақ

Мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Мамыр айында қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Мамыр айында елімізде 4 мереке тойланады….

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды