Астана халықаралық әуежайында өртке байланысты жолаушылар мен келушілер шұғыл түрде эвакуацияланғаны туралы ақпарат тарады. Әуежайдың баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды +7.kz.
Желіде тараған мәліметтерге сәйкес, әуежай ғимаратында өрт шығып, жолаушылар эвакуацияланған.
Алайда, әуежайда хабарлау жүйелерін тексеру және қызметтердің өзара үйлесімділігін пысықтау мақсатында оқу-жаттығу өткізіліп жатқаны белгілі болды.
Желіде шұғыл эвакуация жүргізілді деген ақпарат тарағанымен, әуежайдың баспасөз қызметі бұл мәліметтің шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады.
Қандай да бір оқиға, өрт шығу дерегі немесе қауіпсіздікке төнген қатер тіркелген жоқ. Әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
Фото: Астана әуежайының баспасөз қызметі








