Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту министрі болып тағайындалды

Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. 

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды”, — делінген Ақорданың хабарламасында.

Жұлдыз Сүлейменова кім?

Жұлдыз Сүлейменова – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде тарих және мәдениеттану мамандықтары бойынша білім алып, PhD дәрежесін қорғаған.

Саяси және педагогикалық тәжірибесі мол. Еңбек жолын оқытушылықтан бастаған ол, кейін жастар саясатына белсене араласты. “Жас Отан” жастар қанатының жетекшілерінің бірі болды.

2012 жылдан бастап “Назарбаев Зияткерлік мектептері” жүйесінде түрлі жетекшілік қызмет атқарып, білім беру саясаты мен бағдарламаларын дамытуға үлес қосты. 2019-2021 жылдары Алматыдағы Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры болды.

2021-2023 жылдары VII шақырылым Мәжіліс депутаты ретінде әлеуметтік-мәдени даму комитетінде жұмыс істеді. 2022 жылы Президент жанындағы Ұлттық Құрылтай құрамына енді.

2023 жылдан бері – “Аманат” партиясы атынан сайланған VIII шақырылым Мәжіліс депутаты.

Фото: Мәжіліс

  • Related Posts

    Тоқаев ШҚО әкімін қабылдады

    Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін…

    Толығырақ

    Өскемен қаласының экс-әкімі Жақсылық Омарға үкім шықты

    2026 жылғы 3 сәуірде Өскемендегі қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотта Жақсылық Омарға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды+7.kz ақпарат агенттігі….

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 64 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 129 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 60 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 57 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 98 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды