Әлеуметтік желілерде көкпар ойыны кезінде жол талғамайтын көліктің қатты жылдамдықпен жылқылар мен шабандоздарды қаққан видео тарады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 1 қараша күні Қызылорда облысының Шиелі ауданына қарасты Алғабас ауылында болған. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жарияланған бейнежазбаға байланысты тексеріс жүргізілген.
Белгілі болғандай, ойын жергілікті тұрғынның бастамасымен уәкілетті органдарға хабар берместен ұйымдастырылған. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
“Ойын кезінде 102 арнасына ешқандай хабарлама түскен жоқ. Қазіргі уақытта бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автокөлік жүргізушісі анықталып, полиция бөліміне жеткізілді”, – делінген Қызылорда облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Сондай-ақ полиция өкілдері кез келген спорттық, мәдени немесе бұқаралық іс-шараны ұйымдастыру кезінде тиісті органдарды алдын ала хабардар ету қажеттігін еске салды.
Фото: Видеодан скрин
Посмотреть эту публикацию в Instagram








