Астана тұрғыны “анам қайтыс болды, балам ауыр хәлде” деген желеумен алаяқтық жасаған

Астана тұрғыны 2 миллион теңге көлемінде алаяқтық жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Ақпаратқа сәйкес, декреттік демалыста болған әйел бір жыл бойы әріптестерін алдап келген. Ол отбасы жағдайына байланысты қайғылы оқиғалар болды деп жалған ақпарат таратып, анасының қайтыс болғанын және баласының ауыр халде жатқанын айтқан. Осылайша ол адамдардан ақша алған.

Оның сөздеріне сенген және көмек көрсеткісі келген әріптестері, отбасылық мәселелерді шешуге және баланы емдеуге қажет деп ойлап, сотталған әйелге ақша қаражатын аударып отырған.

Қылмыстық әрекеттердің салдарынан жәбірленушілерге 2 млн теңгеден астам сомаға шығын келтірілген.

“Жеңілдететін мән-жайларды, атап айтқанда кінәсін мойындауын, шын жүректен өкінуін, келтірілген залалды ішінара өтеуін ескере отырып, сот үкімімен оған 3 жыл мерзімге пробациялық бақылау белгілене отырып, бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді. Қала прокуратурасы материалдық көмек сұрау немесе қаражат жинау жағдайларында сақ болуға және ақпараттың дұрыстығын тексеруге кеңес береді”, – делінген ақпаратта.

Фото: depositphotos.com

Related Posts

2026 жылы Құрбан айт мерекесі қай күнге сәйкес келеді?

2026 жылы мұсылмандардың ең қасиетті мерекелерінің бірі – Құрбан айт 27 мамырға сәйкес келеді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі….

Толығырақ

“Бірнеше метрге дейін ұшқан”: Алматыда бойжеткенді электрсамокат қағып, оқиға орнынан қашып кетті

Алматыда бойжеткенді электрсамокат қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Алматы тұрғыны Мөлдір Threads әлеуметтік желісінде…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 54 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 75 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 137 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 73 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 60 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 101 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды