Желіде Құлжа тас жолында болған жан түршігерлік жол апатының видеосы тарады. Бұл туралы +7.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан бірден бес көліктік апатқа ұшырағанын байқауға болады. Полицияның мәліметінше, Mitsubishi көлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзып, жол апатына себеп болғаны үшін жауапкершілікке тартылған.
“Алдын ала мәлімет бойынша, апат Алматы – Көкпек – Көктал автожолының 32-шақырымында болған. Mitsubishi жүргізушісі Toyota Carina E көлігімен соқтығысқан. Соққыдан кейін Toyota инерциямен Volkswagen көлігіне соғылған, одан кейін Toyota Camry және Audi көліктерімен соқтығыс болған”, – делінген хабарламада.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан тек көліктерге механикалық зақым келген, жүргізушілер мен жолаушылар арасында зардап шеккендер жоқ.
Посмотреть эту публикацию в Instagram








