“Мемлекет те, Энергетика министрлігі де бензин бағасының бірден күрт өсуіне жол бермейтіндігін ресми мәлімдегім келеді. Мораторий алынып тасталғаннан бері екінші апта өтіп жатыр. Біздің ақпаратымызға сәйкес, баға негізінен 1 теңгеге көтерілді. Министрлік азаматтарымызды жанар-жағармаймен толық қамтамасыз ету үшін ұлттық компаниялармен ауқымды жұмыс істеп жатыр. Баға күрт өспейді, біртіндеп көтеріледі”, — деді вице-министр.
Оған қоса, вице-министр Қазақстанда өндірілетін бензиннің сапасына қатысты ешқандай шағым жоқ екенін де айтты.
Айта кетейік, 2026 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстанда АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны бағасын көтеруге енгізілген мораторий аяқталды. Бұл мораторий 2025 жылғы 16 қазаннан бастап қолданыста болған.








