“Бірнеше метрге дейін ұшқан”: Алматыда бойжеткенді электрсамокат қағып, оқиға орнынан қашып кетті

Алматыда бойжеткенді электрсамокат қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Алматы тұрғыны Мөлдір Threads әлеуметтік желісінде қала көшелерінің бірінде болған жағымсыз оқиға туралы айтып берді. Оның сөзінше, өзін электрсамокат қағып кеткен. Жәбірленушінің айтуынша, соққы өте қатты болып, оны бірнеше метрге дейін ұшырып жіберген, соның салдарынан жеке заттары шашылып, телефоны сынған.

“Бірақ ең жаманы — мені соққан адам сол жерде тоқтамай, жай ғана кетіп қалды”, — дейді ол.

Оқиғаға куә болған адамдар жедел жәрдем мен полиция шақырған.

“Мен арыз бердім, бірақ іс әлі күнге дейін бір бөлімнен екіншісіне “аударылып” жүр — тіпті кінәлі адамның кәмелетке толған-толмағанын да анықтай алмай жатыр. Ал мен сол арада жүре алмай қалдым және маңызды кастингтер мен көрсетілімдерге бара алмадым. Мен жаяу жүргіншілерге арналған жолдың бойымен жүріп келе жатқан едім, ешқандай ереже бұзған жоқпын. Куәгерлердің айтуынша, самокатта екі адам болған, олар жоғары жылдамдықпен жүріп, оқиға орнынан қашып кеткен. Мұның бәрі қалада самокат қозғалысының дұрыс реттелмеуінен болып отыр. Олар тротуармен, яғни жаяу жүргіншілер жүретін жермен жүреді. Мұндай соққы біреудің өміріне әлдеқайда ауыр зардап әкелуі мүмкін еді. Осындай жағдайлар қанша рет қайталануы керек, сонда ғана мәселе шешіле бастайды ма?” — дейді жәбірленуші.

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 17 сәуірде бұл дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.

“Қазіргі уақытта самокат жүргізушісінің жеке басын және оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Осы мақсатта қалалық бейнебақылау жүйелерінің мүмкіндіктері пайдаланылып, сондай-ақ көрсетілген уақыт аралығында көлік құралын жалға алған пайдаланушыны анықтау үшін кикшеринг компанияларына ресми сұрау жолданды. Аталған дерек бойынша тексеру барысы ерекше бақылауда. Кінәлі тұлға анықталған жағдайда, ол қолданыстағы заңнамаға сәйкес міндетті түрде жауапкершілікке тартылады”, — делінген ПД хабарламасында.

Фото: depositphotos.com

Related Posts

2026 жылы Құрбан айт мерекесі қай күнге сәйкес келеді?

2026 жылы мұсылмандардың ең қасиетті мерекелерінің бірі – Құрбан айт 27 мамырға сәйкес келеді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі….

Толығырақ

“1 млн долларды алдап алған”: Алаяқтық жасады деген күдікті Германиядан Қазақстанға экстрадицияланды

Алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген азамат Германиядан Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.  Бас прокуратураның баспасөз…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 54 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 75 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 137 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 73 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 60 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 101 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды