Мұнай бағасы күрт өсті: Әлемдік нарықта не болып жатыр

Әлемдік мұнай нарығы жаңа аптаны күрт өсіммен бастады. Геосаяси жағдайдың ушығуы, нақтырақ айтқанда АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің сәтсіз аяқталуы және Ормуз бұғазын жабу қаупі энергия ресурстарының бағасын қайтадан 100 доллардан жоғары деңгейге көтерді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

13 сәуір күні таңертеңгі жағдай бойынша, WTI маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстері шамамен 7,4 пайызға өсіп, барреліне 103,96 долларды құрады. Ал Brent маркалы мұнайдың маусым айындағы фьючерстері 7,16 пайызға қымбаттап, 102,2 долларға жетті. Осылайша, нарықтағы басты индикаторлар қайтадан маңызды межеден асты.

Бағаның бұлайша шарықтауына негізгі себеп – АҚШ-тың Ормуз бұғазын теңіз арқылы блокадаға алу туралы мәлімдемесі. Ақ үйдің мәлімдеуінше, АҚШ Әскери-теңіз күштері Иран порттарынан шығатын немесе оған төлем жасаған елдердің кемелеріне бұғаз арқылы өтуге шектеу қоюы мүмкін. Бұл шешім әлемдік мұнай жеткізілімінің маңызды артериясына тікелей қауіп төндіріп отыр.

Өз кезегінде, Вашингтон Иранды ядролық бағдарлама бойынша келіссөздерді тығырыққа тірегені үшін айыптаса, Тегеран да жауап ретінде АҚШ-ты келісімдерді бұзды деп кінәлады. Алайда тараптар нақты қай мәселе бойынша келісе алмағанын ашып айтқан жоқ. Бұл белгісіздік нарықтағы алаңдаушылықты одан әрі күшейтті.

Мұнай бағасының өсуі қаржы нарықтарына да әсер етті. АҚШ долларының индексі (DXY) 0,41 пайызға өсіп, 99,05 пунктке жетті. Энергия тасымалдаушыларының қымбаттауы инфляциялық күтулерді күшейтіп, инвесторлардың тәуекелге деген тәбетін төмендетті.

АҚШ пен Иран екі аптаға келісімге келді: Не белгілі?

АҚШ қор нарықтары жұма күні аралас динамика көрсетті. Nasdaq индексі өсіммен жабылғанымен, Dow Jones әлсіздік танытып, негізгі индекстердің көпшілігі 0,6 пайыз шамасында төмендеді. Инвесторлар геосаяси жаңалықтарды күткен кезеңде жарияланған макроэкономикалық деректер де назардан тыс қалмады. Наурыз айында АҚШ-тағы базалық инфляция 2,5 пайыздан 2,6 пайызға дейін өссе, негізгі инфляция 2,4 пайыздан 3,3 пайызға дейін жеделдеген. Бұл көрсеткіштер болжамнан сәл төмен болғанымен, бағаның айтарлықтай өсіп жатқанын аңғартады.

Сонымен қатар, Мичиган университетінің алдын ала деректеріне сәйкес, бір жылдық инфляциялық күтулер сәуір айында 4,8 пайызға дейін көтерілген. Ал тұтынушылық күтулер индексі 53,3-тен 47,6 пунктке дейін төмендеп, нарықтағы сенімнің әлсірегенін көрсетті.

Дүйсенбі күні таңертең S&P 500 индексінің фьючерстері шамамен 0,6 пайызға төмендеді. Бұл – демалыс күндері геосаяси шиеленістің күшеюіне және Ормуз бұғазы төңірегіндегі жағдайдың ушығуына тікелей реакция.

Еуропа нарықтары жұма күні оптимизммен жабылған еді: Euro Stoxx 50 индексі 0,5 пайызға өсіп, наурыз айының басынан бергі ең жоғары деңгейлердің маңында қалды. Алайда бұл өсім Таяу Шығыстағы жағдайдың реттелуіне деген үмітпен байланысты болды. Қазіргі жағдайда инвесторлар назарын қайтадан геосаяси тәуекелдер мен инфляцияға аударып отыр.

Азия нарықтарында да теріс динамика байқалады. Жапонияның Nikkei 225 индексі 0,6 пайызға, Австралияның ASX 200 индексі 0,4 пайызға төмендеді. Гонконгтың Hang Seng индексі 1,2 пайыз жоғалтып, төмендеу трендін сақтап отыр. Оңтүстік Кореяның KOSPI индексі 0,85 пайызға түсті. Қытай нарықтарында бірыңғай бағыт қалыптаспағанымен, ауытқу 1 пайыз шегінде.

Сарапшылардың бағалауынша, Brent мұнайының бағасы 103,50 доллар деңгейінен жоғары тұрақтаса, бұл геосаяси шиеленістің одан әрі күшейгенін білдіруі мүмкін. Мұндай жағдайда нарық жыл басындағы 119,50 долларлық максимумдарға қайта жақындауы ықтимал.

Қазіргі жағдайда мұнай нарығы толықтай саяси факторлардың ықпалында қалып отыр. Ормуз бұғазы төңірегіндегі кез келген өзгеріс бағаға тікелей әсер етеді. Ал АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің тағдыры алдағы күндері мұнай бағасының негізгі бағытын айқындайтын басты фактор болмақ.

Related Posts

2026 жылы Құрбан айт мерекесі қай күнге сәйкес келеді?

2026 жылы мұсылмандардың ең қасиетті мерекелерінің бірі – Құрбан айт 27 мамырға сәйкес келеді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі….

Толығырақ

“Бірнеше метрге дейін ұшқан”: Алматыда бойжеткенді электрсамокат қағып, оқиға орнынан қашып кетті

Алматыда бойжеткенді электрсамокат қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Алматы тұрғыны Мөлдір Threads әлеуметтік желісінде…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 54 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 75 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 137 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 73 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 60 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 101 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды