Астанада тұрғын үйде өрт шығып үш бала қаза тапты: Не белгілі

12 сәуір түнгі уақытта Астана қаласының 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерден өрт шығып, үш бала қаза тапты. +7.kz тілшісі оқиға қатысты егжей-тегжейлі ақпарат ұсынады.

Үш баланың қазасы

Оқиғаға Астана қаласы Есіл ауданындағы Түркістан көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үй кешенінде болған.

Хабарлама түскеннен кейін Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары оқиға орнына жедел жетті. Алғашқы бөлімшелер келген сәтте пәтерде ашық жалын болғаны анықталды.

“Өртті сөндіру барысында жанып жатқан пәтерден күйік алған әйел құтқарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылған. Зардап шеккен тұрғын №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнынан үш кәмелетке толмаған баланың денесі табылды. ТЖМ күштері жоғары қабаттардан 20 адамды эвакуациялады. Сонымен қатар 40-қа жуық тұрғын ғимараттан өз бетінше шығып үлгерген”, – делінген министрліктің ақпаратында.

Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары Өміржан Түкүшевтің айтуынша, өрт сөндірушілер келген кезде пәтер толықтай жанып жатқан. Пәтердің есігі жабық болғандықтан, құтқарушылар оны арнайы құралдардың көмегімен ашуға мәжбүр болған.

ТЖД мәліметінше, өрт дабылы мен хабарлау жүйесі іске қосылып, лифтілер бірінші қабатқа түскен. Кіреберістің жабық болуы мен ауланың көліктерге толы болуына қарамастан, өрт сөндірушілер жалынның көршілес пәтерлерге таралуына жол бермеген.

Қылмыстық іс қозғалған

Артынша полиция басқармасы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

“Қаза тапқан балалардың денелері табылған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу-оперативтік іс-шаралар жүргізіліп жатыр”, — делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Пәтерден үш баланың мәйіті табылған. Күйік алған әйел құтқарылып, ауруханаға жеткізілді. Жоғарғы қабаттардан 20 адам эвакуацияланып, тағы 40-қа жуық тұрғын өз бетінше шыққан.

Зардап шеккен әйелдің жағдайы ауыр

Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасы өрт кезінде зардап шеккен әйелдің жағдайы туралы мәлімдеді.

“Қазіргі уақытта науқас жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр деп бағалануда”, – деп хабарлады басқармада.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің дерегінше, оқиға орнында жедел жәрдемнің үш бригадасы жұмыс істеген.

Related Posts

2026 жылы Құрбан айт мерекесі қай күнге сәйкес келеді?

2026 жылы мұсылмандардың ең қасиетті мерекелерінің бірі – Құрбан айт 27 мамырға сәйкес келеді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі….

Толығырақ

“Бірнеше метрге дейін ұшқан”: Алматыда бойжеткенді электрсамокат қағып, оқиға орнынан қашып кетті

Алматыда бойжеткенді электрсамокат қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Алматы тұрғыны Мөлдір Threads әлеуметтік желісінде…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 54 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 75 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 137 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 73 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 60 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 101 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды