12 сәуір түнгі уақытта Астана қаласының 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерден өрт шығып, үш бала қаза тапты. +7.kz тілшісі оқиға қатысты егжей-тегжейлі ақпарат ұсынады.
Үш баланың қазасы
Оқиғаға Астана қаласы Есіл ауданындағы Түркістан көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үй кешенінде болған.
Хабарлама түскеннен кейін Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары оқиға орнына жедел жетті. Алғашқы бөлімшелер келген сәтте пәтерде ашық жалын болғаны анықталды.
“Өртті сөндіру барысында жанып жатқан пәтерден күйік алған әйел құтқарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылған. Зардап шеккен тұрғын №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнынан үш кәмелетке толмаған баланың денесі табылды. ТЖМ күштері жоғары қабаттардан 20 адамды эвакуациялады. Сонымен қатар 40-қа жуық тұрғын ғимараттан өз бетінше шығып үлгерген”, – делінген министрліктің ақпаратында.
Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары Өміржан Түкүшевтің айтуынша, өрт сөндірушілер келген кезде пәтер толықтай жанып жатқан. Пәтердің есігі жабық болғандықтан, құтқарушылар оны арнайы құралдардың көмегімен ашуға мәжбүр болған.
ТЖД мәліметінше, өрт дабылы мен хабарлау жүйесі іске қосылып, лифтілер бірінші қабатқа түскен. Кіреберістің жабық болуы мен ауланың көліктерге толы болуына қарамастан, өрт сөндірушілер жалынның көршілес пәтерлерге таралуына жол бермеген.
Қылмыстық іс қозғалған
Артынша полиция басқармасы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
“Қаза тапқан балалардың денелері табылған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу-оперативтік іс-шаралар жүргізіліп жатыр”, — делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Пәтерден үш баланың мәйіті табылған. Күйік алған әйел құтқарылып, ауруханаға жеткізілді. Жоғарғы қабаттардан 20 адам эвакуацияланып, тағы 40-қа жуық тұрғын өз бетінше шыққан.
Зардап шеккен әйелдің жағдайы ауыр
Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасы өрт кезінде зардап шеккен әйелдің жағдайы туралы мәлімдеді.
“Қазіргі уақытта науқас жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр деп бағалануда”, – деп хабарлады басқармада.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің дерегінше, оқиға орнында жедел жәрдемнің үш бригадасы жұмыс істеген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті (@112astana)








