“Қостанай–Әулиекөл–Сұрған” тас жолында “Mercedes-Benz” пен ВАЗ-2107 көліктері соқтығысып, 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.
Қостанай облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.
“Алдын ала мәліметтерге сәйкес, “Mercedes-Benz” автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, соның салдарынан ВАЗ-2107 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр”, — делінген хабарламада.
Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолда барынша мұқият болуға шақырады.
Фото: ng.kz
Посмотреть эту публикацию в Instagram








