Қазақстанда ауа температурасы 109 жылдан кейін рекорд жаңартты

“Қазгидромет” РМК 2026 жылғы наурыз айы Қазақстанда ауа райының күрт құбылуымен ерекшеленгенін мәлімдеді. Елімізде қатты аяздан бастап аномальды жылуға дейінгі температура тіркелген, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің мәліметінше, айдың басында елдің басым бөлігінде Таймыр түбегінен келген арктикалық ауа массаларының әсерінен қатты суық ауа райы сақталған.

“Мәселен, түнгі температура батыста –25°C-қа дейін, солтүстікте, орталықта және шығыста –35°C-қа дейін, ал оңтүстікте –20°C-қа дейін төмендеген. Бірқатар өңірлерде температуралық рекордтар тіркелді. Мысалы, 10 наурыз күні Петропавлда ауа температурасы –34,3°C-қа дейін төмендеп, 1917 жылы тіркелген ең төменгі көрсеткіш жаңартылды”, – делінген “Қазгидромет” РМК хабарламасында.

Алайда айдың үшінші онкүндігінде жағдай күрт өзгеріп, ел аумағына тұрақты жылымық келді.

Наурыздың соңына қарай бірқатар өңірлерде температуралық максимумдар жаңартылды. Атырауда ауа температурасы +23,5°C-қа дейін, Көкшетауда +15,1°C-қа дейін, Петропавлда +17°C-қа дейін, ал Түркістанда +31,5°C-қа дейін көтерілген.

Ай бойы Қазақстанда циклондар мен атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы тұрақсыз болды: жауын-шашын түсіп, кей жерлерде қатты жауын мен қар жауған, әсіресе оңтүстік өңірлерде.

Сондай-ақ Астанада наурыз айындағы орташа температура нормаға қарағанда 3,5°C-қа жоғары болған.

“Елордада ең төменгі температура –24,5°C, ең жоғарысы +16,7°C болды. Жауын-шашын мөлшері де нормадан жоғары тіркелді”, – делінген метеорологтардың қорытындысында.

Related Posts

2026 жылы Құрбан айт мерекесі қай күнге сәйкес келеді?

2026 жылы мұсылмандардың ең қасиетті мерекелерінің бірі – Құрбан айт 27 мамырға сәйкес келеді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі….

Толығырақ

“Бірнеше метрге дейін ұшқан”: Алматыда бойжеткенді электрсамокат қағып, оқиға орнынан қашып кетті

Алматыда бойжеткенді электрсамокат қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Алматы тұрғыны Мөлдір Threads әлеуметтік желісінде…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 54 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 75 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 137 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 73 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 60 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 101 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды