Айбек Дәдебай Президент әкімшілігінің басшысы лауазымынан босатылды

Айбек Дәдебай Президент әкімшілігінің басшысы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Айбек Арқабайұлы Дәдебай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылды”, – делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айбек Дәдебай қызмет жолын Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Халықаралық туризм менеджменті кафедрасының оқытушысы (2001-2002 жж) болып бастаған. ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің сарапшысы, ҚР Парламентінің Сенаты Төрағасы көмекшісінің міндетін атқарушы (2008-2011 жж), ҚР БҰҰ-дағы Тұрақты Өкілдігінің үшінші хатшысы, атташе, Женева (2011-2013 жж), ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі (2013-2019 жж) болды.

ҚР Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары (2019-2021 жж), ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары (2021 ж. мамыр – 2022 ж. қаңтар), ҚР Президенті Іс басқарушысы (2022 ж), ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы (2024 ж) қызметтерін де атқарды.

Айбек Дәдебай Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін тәмамдаған (2001 ж), Осы ЖОО-ның магистратурасын «аймақтану магистрі» мамандығы бойынша аяқтаған (2003 ж).

Фото: Ақорда

Related Posts

Өскеменде зауытта жарылыс болып, екі жұмысшы қаза тапты: Апаттың мән-жайы

Өскемен қаласында орналасқан “Казцинк”  металлургиялық зауытының аумағында апат болып, екі жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. …

Толығырақ

Роман Скляр Президент әкімшілігінің басшысы болды

Роман Скляр Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. “Мемлекет…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 67 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 98 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 170 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 89 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 76 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 109 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды