Үш бала қаза тапқан: Астанадағы өртке әзірге күдікті жоқ

Астанадағы “Көктем-3” тұрғын үй кешенінде үш бала қаза тапқан өртке қатысты күдікті әзірге жоқ, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов қазір тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

“Төтенше жағдайлар министрлігі 292-бап — өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу бойынша тергеуді жүргізіп жатыр. Ішкі істер министрлігі де кәмелетке толмаған балалардың қаза болуына байланысты өз тарапынан тергеуді бастады. Қазіргі уақытта ТЖМ-мен бірлесіп бірқатар сараптама тағайындалды. Енді нәтижесін күту керек. Кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту мәселесі міндетті түрде көтеріледі”, — деді ол.

Санжар Әділов қаза тапқан балалардың әкесінің оқиғаға қатысы бар ма деген сұраққа жауап берді және оның күдіктілер қатарында еместігін айтты.

“Бұл істе ешкім күдікті деп танылған жоқ және тергеу жүріп жатыр”, — деді Санжар Әділов.

Еске сала кетейік, сәуір айында Астанада 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерден өрт шығып, үш бала қаза тапты. ТЖМ қызметкерлері жоғары қабаттардан 20 адамды эвакуациялады, шамамен 40 тұрғын өз еркімен ғимараттан шықты.

Фото: Видеодан скрин

Related Posts

АҚШ Ирандағы соғысқа 25 миллиард доллар жұмсаған

АҚШ Қорғаныс министрлігі Ирандағы соғысқа кеткен шығын шамамен 25 миллиард долларды құрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі NPR…

Толығырақ

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы көтеріледі

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы көтеріледі. Сенаттың жалпы отырысында “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы” заңы мен ілеспе құжат мақұлданды, деп…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 67 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 96 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 168 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 88 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 76 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 109 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды