Қазақстанда мұғалімдерден кейбір жауапкершілік алынып тасталады

Мұғалімдер балалардың өмірі мен денсаулығы үшін тек оқу-тәрбие процесі кезінде жауапты болады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында білім беру мәселелері бойынша өзгеріс енгізуді талқылау кезінде депутат Асхат Аймағамбетов мәлім етті.

“Заң үш блоктан тұрады. Біріншісі — жауапкершілік мәселесі. Президент Тамыз кеңесінде ұстаздар оқушылардың қауіпсіздігі үшін тек оқу-тәрбие процесі және лауазымдық міндеттерін орындау аясында ғана жауапты болуы керек екенін атап өтіп, осыны заңнамалық тұрғыда реттеуді тапсырды. Бұл шын мәнінде үлкен мәселе. Былтыр елімізде резонанс тудырған бірнеше жағдай болды. Жазда кешкі уақытта немесе демалыс күндері оқушылар құқық бұзу әрекетіне барған, сондай-ақ келеңсіз оқиғаларға тап болған. Сол кезде олардың жанында мұғалімдер болмады. Педагогтер демалыста, үйлерінде болды, себебі каникул кезі еді, яғни жұмыс уақытынан тыс мерзім. Бірақ соған қарамастан, мектеп директорлары мен мұғалімдер жазаланды, тіпті жұмыстан шығаруға дейін барған. Әрине, бұл — әділетсіздік”, — деді Асхат Аймағамбетов.

Осы орайда ол заңға нақты норма енгізілетінін, педагогтер балалардың өмірі мен денсаулығы үшін тек оқу-тәрбие процесі кезінде және өзінің лауазымдық міндеттері аясында ғана жауапты болатынын атап өтті.

“Жазғы демалыс, түнгі уақыт, демалыс күндері — ата-ананың жауапкершілігі. Енді ешқандай екіұдай түсінік болмауы тиіс, яғни педагогтерді осылай қорғаймыз”, — деді депутат.

Фото: depositphotos.com

  • Related Posts

    АҚШ Ирандағы соғысқа 25 миллиард доллар жұмсаған

    АҚШ Қорғаныс министрлігі Ирандағы соғысқа кеткен шығын шамамен 25 миллиард долларды құрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі NPR…

    Толығырақ

    Үш бала қаза тапқан: Астанадағы өртке әзірге күдікті жоқ

    Астанадағы “Көктем-3” тұрғын үй кешенінде үш бала қаза тапқан өртке қатысты күдікті әзірге жоқ, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі….

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 67 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 96 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 168 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 88 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 76 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 109 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды