Роман Скляр Президент әкімшілігінің басшысы болды

Роман Скляр Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды”, – делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Роман Скляр еңбек жолын «Экибастузуглеавтоматика» монтаждау-жөндеу басқармасында слесарь-монтажшы қызметінен бастаған. 1989–1990жж «Казпромтехмонтаж» шаруашылық-монтаждау басқармасының монтаждаушысы, 1990 ж Павлодар қаласындағы «Вахинвест» бірлескен кеңес-батыс-герман кәсіпорнының қауіпсіздік жөніндегі инженері қызметтерін атқарған.

Сонымен қатар, ҚР Қаржы министрлігінің дәрменсіз қарызгерлермен жұмыс комитеті Павлодар облысы бойынша басқармасының бөлім бастығы (2002–2003 жж), Павлодар қаласы мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы (2003–2005 жж), Павлодар облысы әкімінің бас инспекторы (2005 ж), Павлодар облысының әкімі Аппаратының басшысы (2005 ж.сәуірден бастап) болған.

2006 ж Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қызметін де атқарды.  Оған қоса, Астана қаласының әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің меңгерушісі (2006–2007жж), Астана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры (2007–2008 жж), Павлодар облысы әкімінің орынбасары (2008–2010 жж), Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары (2010–2011жж) болды.

2011–2013 жылдары аралығында  Көлік және коммуникация вице-министрі болды. Кейіннен «Қазақстан Темір Жолы» АҚ вице-президенті (2014–2016 жж), ҚР Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы (2016 ж), ҚР Ұлттық экономика вице-министрі (2016 жыл мамырдан бастап), ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі (2016–2019 жж), ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі (2019 жыл ақпаннан бастап), ҚР Премьер-Министрінің орынбасары (2019 жыл 18 қыркүйектен бастап. 2021 жыл 18 қаңтар), ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары (2022 жыл 11 қаңтар), ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары (2023 жыл 3 сәуір), ҚР Премьер-Министрінің міндеттерін уақытша атқарушы (2024 жыл 5 ақпан), ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары (2024 жыл 6 ақпан) болды.

Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Related Posts

Өскеменде зауытта жарылыс болып, екі жұмысшы қаза тапты: Апаттың мән-жайы

Өскемен қаласында орналасқан “Казцинк”  металлургиялық зауытының аумағында апат болып, екі жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. …

Толығырақ

Айбек Дәдебай Президент әкімшілігінің басшысы лауазымынан босатылды

Айбек Дәдебай Президент әкімшілігінің басшысы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады….

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 67 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 98 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 170 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 89 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 76 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 109 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды