Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы көтеріледі

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы көтеріледі. Сенаттың жалпы отырысында “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы” заңы мен ілеспе құжат мақұлданды, деп хабарлайды +7.kz  ақпарат агенттігі.

Жаңа заң 2024-2029 жылдарға арналған мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасын іске асыру мақсатында әзірленген.

“Жаңа заң мемлекеттік қызмет жүйесінің тиімділігін арттыруға, мемлекеттік қызметтегі білікті салалық мамандардың тапшылығын толтыруға, сондай-ақ мемлекет ұсынатын қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін және азаматтардың мемлекеттік қызметшілердің жұмысына қанағаттану деңгейін арттыруға, осылайша азаматтардың мемлекеттік қызметке деген сенімін нығайтуға мүмкіндік береді”, — деді сенатор Евгений Больгерт.

Аталған заңда мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыруға және кәсіби мамандарды ұстап қалуға бағытталған шаралар қарастырылған. Мәселен, олардың жалақысы кемінде үш жылда бір рет индекстеліп, нарыққа байланысты көтеріледі. Сондай-ақ, әлеуметтік кепілдікке айрықша назар аударылған.

“Мемлекеттік қызметкер басқа елдімекенге ауыстырылса, оған арнайы төлемдер, соның ішінде көтерме жәрдемақы төленеді және көшу шығындары өтеледі. Егер 25 жылдық жұмыс өтілі және мемлекеттік немесе ведомстволық марапаттары болса, зейнетке шыққанда, 4 айлық мөлшерінде бір реттік сыйақы беріледі”, — деді депутат.

Бұдан бөлек, еңбек демалысына ақы төленетін қосымша күндер қосылады. Оның ұзақтығы мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтіліне байланысты: 10 жыл болса — үш күн, 15 жыл болса — бес күн, 20 жыл болса — он күн қосымша демалыс қарастырылған.

Фото: depositphotos.com

Related Posts

АҚШ Ирандағы соғысқа 25 миллиард доллар жұмсаған

АҚШ Қорғаныс министрлігі Ирандағы соғысқа кеткен шығын шамамен 25 миллиард долларды құрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі NPR…

Толығырақ

Үш бала қаза тапқан: Астанадағы өртке әзірге күдікті жоқ

Астанадағы “Көктем-3” тұрғын үй кешенінде үш бала қаза тапқан өртке қатысты күдікті әзірге жоқ, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі….

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 67 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 96 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 168 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 88 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 76 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 109 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды