Өскеменде зауытта жарылыс болып, екі жұмысшы қаза тапты: Апаттың мән-жайы

Өскемен қаласында орналасқан “Казцинк”  металлургиялық зауытының аумағында апат болып, екі жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

ТЖМ дерегіне сәйкес, шаң сүзу цехындағы құрылғыда газ бен ауа қоспасы жарылып, соның салдарынан өрт шығып, ғимараттың бір бөлігі опырылған. Әлеуметтік желіде жарылыстың видеосы таралып жатыр.

“Оқиға орнына Төтенше жағдайлар қызметі келіп, жұмыс істеп жатыр. Оперативтік штаб құрылды. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жарылыс болғанын анықтады. Соның салдарынан цехтың бір бөлігі опырылды. Конструкциялардың жанып жатқаны да байқалды”, — деді ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов.

Өрт оқшауланғаннан кейін құтқарушылар үйінділерді аршу жұмыстарына кірісті. Жалын шарпыған аумақ шамамен 120 шаршы метрді құрады. Оқиға кезінде қауіпті аймақта 32 адам болған.

“Тікелей оқиға эпицентрінде үш адам — аға шебер мен екі жұмысшы болған. Оқиға салдарынан екі адам қаза болып, бесеуі зардап шегіп, медицина қызметкерлеріне тапсырылды”, — деді ол.

Қазіргі уақытта оқиға орнында авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиғаның себептері тексеру аяқталғаннан кейін анықталады, осы мақсатта арнайы комиссия да құрылмақ.

“Зардап шеккендерге қажетті барлық медициналық көмек көрсетілуде. Оқиға орнында төтенше қызметтер жұмыс істеп, салдарын жою шаралары жүргізілуде. Жан-жақты әрі объективті тексеру жүргізу үшін арнайы комиссия құрылды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы тергеу қорытындысы бойынша анықталатын болады”, – деп хабарлады “Казцинк” тау-кен металлургия компаниясының баспасөз қызметі.

Ауа сапасы тексерілуде

Болған оқиғадан кейін Экология департаментінің мамандары атмосфералық ауаның жай-күйін тексеруге кіріскен.

“Өнеркәсіптік аймақ маңында бұлттың пайда болуына байланысты жағдайды нақтылау үшін Экология департаментінің мамандары оқиға орнына шықты. Атмосфералық ауаға шығарындыларды анықтау бойынша қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр”, — делінген хабарламада.

Өз құзыреті шеңберінде Экология департаменті санитариялық-қорғау аймағының шекарасында атмосфералық ауаның сапасына аспаптық өлшеулер жүргізіп жатыр. Өлшеу нәтижелері қосымша хабарланатын болады.

Олжас Бектенов жарылысты жеке бақылауына алды

Премьер-министр Олжас Бектенов болған жарылысты жеке бақылауына алды.

“Біріншіден, Өскеменде болған жарылысқа қатысты таңертең қажетті тапсырмаларды бердім. Төтенше жағдайлар, Экология министрліктері, облыс әкімдігі қажетті шаралар қабылдап, маған баяндаңыздар. Мәселе менің жеке бақылауымда болады”, — деді Үкімет отырысын ашқан Премьер-министр.

Фото: instagram.com/novosti__uka

Related Posts

Айбек Дәдебай Президент әкімшілігінің басшысы лауазымынан босатылды

Айбек Дәдебай Президент әкімшілігінің басшысы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады….

Толығырақ

Роман Скляр Президент әкімшілігінің басшысы болды

Роман Скляр Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. “Мемлекет…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 67 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 98 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 170 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 89 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 76 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 109 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды