Яна Легкодимованы өлтіргендер “Қара Бүркіт” колониясына жіберілді

Яна Легкодимованы өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған Алтынбек Катимов пен Ризуан Хайржанов жазасын өтеу орнына жіберілді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәліметінше, сотталғандар 19 сәуір күні арнайы вагонмен этапталған. Олардың Қостанай облысындағы Жітіқара қаласына жіберіліп, “Қара Бүркіт” колониясы орналасқан.

Бұған дейін де Яна Легкодимованы өлтіргені үшін өмір бойына сотталған Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимов жазасын Қостанай облысындағы №39 төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейтіні хабарланған болатын. Бұл Қазақстандағы мұндай деңгейдегі жалғыз колония. Ол халық арасында “Қара бүркіт” деген атаумен кеңінен танымал.

Бұл — елдегі ең жабық әрі қатаң күзетілетін пенитенциарлық мекеме. Мұнда өмір бойына сотталғандардың барлығы, соның ішінде өлім жазасы өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылғандар да жіберіледі. Бұл санаттағы сотталғандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату (УДО) қарастырылмаған.

Яна Легкодимованың ісі: Айыпталушылар өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Бұған дейін марқұм Яна Легкодимованың анасы Галина Легкодимова Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне ресми сұрау жолдап, сотталғандардың қашан жазасын өтеу орнына жіберілетінін түсіндіруді сұраған болатын.  Сол кезде Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Азамат Ізтілеуов сотталғандардың арнайы күзет бөлінгеннен кейін этапталатынын хабарлаған еді. Алайда нақты жөнелту мерзімі айтылмаған.

Еске салайық, Яна Легкодимова ісі бойынша үкім 2025 жылғы 17 қарашада шыққан. Сот 24 жастағы Ризуан Хайржанов пен 25 жастағы Алтынбек Катимовты қызды өлтіріп, оның мүлкін жойғаны үшін кінәлі деп таныды.

Айыптардың жиынтығы бойынша екеуіне де төтенше қауіпсіздік мекемесінде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Тергеу мәліметінше, Легкодимова мен Хайржанов 2022 жылдан бері таныс болған, бір университетте оқып, қарым-қатынаста болған. Қылмысқа олардың арасындағы жанжал себеп болған: қыз жігіттің басқа әйелге үйленгелі жатқанын біліп, олардың қарым-қатынасы туралы қалыңдығына айтатынын жеткізген.

Кейін сотталғандар апелляциялық шағым түсірген, алайда сот алқасы үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Related Posts

АҚШ Ирандағы соғысқа 25 миллиард доллар жұмсаған

АҚШ Қорғаныс министрлігі Ирандағы соғысқа кеткен шығын шамамен 25 миллиард долларды құрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі NPR…

Толығырақ

Үш бала қаза тапқан: Астанадағы өртке әзірге күдікті жоқ

Астанадағы “Көктем-3” тұрғын үй кешенінде үш бала қаза тапқан өртке қатысты күдікті әзірге жоқ, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі….

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 67 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 97 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 169 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 88 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 76 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 109 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды