18 жастағы қазақстандық Грузияда өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Грузияда 18 жастағы Қазақстан азаматы ірі және аса ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау және өткізуге көмектесу күдігімен ұсталды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі Грузияның Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, ел аумағында әртүрлі уақытта 2008 жылы туған екі шетелдік – Қазақстан және Украина азаматтары ұсталған.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілердің жеке тінтуі, сондай-ақ олардың уақытша тұрған жерін тінту және тергеу эксперименті барысында құқық қорғау органдары көрсетілген орындардан аса ірі көлемдегі “метадон” есірткісін айғақ зат ретінде тәркілеген.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері есірткі заттарын буып-түю үшін қолданылған болуы мүмкін материалдарды да тауып, тәркілеген.

Аталған іс бойынша тергеу Грузия Қылмыстық кодексінің 260-бабы бойынша жүргізілуде. Бұл бап 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, еліміздің азаматы 2026 жылғы 22 сәуірде Грузияның Имерети өңірінде ұсталған.

“Қолда бар деректерге сәйкес, Грузияның құқық қорғау органдары біздің азаматқа Грузия Қылмыстық кодексінің 260-бабының 1-бөлігі бойынша көзделген “Есірткі заттарын заңсыз сатып алу және сақтау” құқық бұзушылығын жасады деген айып тағуда”, – деп хабарлады министрлік.

Фото: Видеодан скрин

Related Posts

АҚШ Ирандағы соғысқа 25 миллиард доллар жұмсаған

АҚШ Қорғаныс министрлігі Ирандағы соғысқа кеткен шығын шамамен 25 миллиард долларды құрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі NPR…

Толығырақ

Үш бала қаза тапқан: Астанадағы өртке әзірге күдікті жоқ

Астанадағы “Көктем-3” тұрғын үй кешенінде үш бала қаза тапқан өртке қатысты күдікті әзірге жоқ, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі….

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 67 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 96 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 168 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 88 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 76 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 109 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды