Қазақстанда 2027 жылы ҰБТ-ға балама емтихан енгізіледі

Қазақстанда келесі жылдан бастап ҰБТ-ға балама болатын жаңа форматтағы қабылдау емтиханын енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. 

“Биыл ешқандай өзгеріс болмайды. Бәрі бұған дейін жарияланған кесте бойынша өтеді. Екі сынақ тестілеу өткізілді. Енді бірінші негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу басталады”, – деді министр.

Оның айтуынша, келесі жылдан бастап балама ретінде ілкі режимде жаңа AIT (Admission Insight Test) тестілеуі қосылады.

Емтиханды әзірлеумен тестілеу саласындағы әлемдегі жетекші компаниялардың бірі — ETS айналысып жатыр. Оның делегациясы қазақстандық жоғары оқу орындарының өкілдерімен алғашқы кездесулер өткізу үшін Астанаға келіп үлгерді.

Сонымен қатар, сынақ тестілеулері келесі жылы да сақталады, деп хабарлады министр.

“Сынақ форматтын алып тастап, тек бір ғана ҰБТ қалуы мүмкін деген мәселе алаңдатушылық тудырған. Сондықтан сынақ форматы сақталады. Мұндай тесттер әлсіз тұстарды анықтауға мүмкіндік беретін диагностикалық құрал ретінде өзін жақсы көрсетті”, — деп түсіндірді ол.

Жаңа тесттің басты артықшылығы — оның халықаралық деңгейде мойындалуы.

“Бұл ETS болғандықтан — сапа стандарты өте жоғары, олардың тесті автоматты түрде мойындалады. Оны Қазақстандағы шетелдік университеттердің филиалдары да, сондай-ақ шетелдің өзіндегі жоғары оқу орындары да қабылдай алады”, — деді Саясат Нұрбек.

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Related Posts

АҚШ Ирандағы соғысқа 25 миллиард доллар жұмсаған

АҚШ Қорғаныс министрлігі Ирандағы соғысқа кеткен шығын шамамен 25 миллиард долларды құрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі NPR…

Толығырақ

Үш бала қаза тапқан: Астанадағы өртке әзірге күдікті жоқ

Астанадағы “Көктем-3” тұрғын үй кешенінде үш бала қаза тапқан өртке қатысты күдікті әзірге жоқ, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі….

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 67 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 97 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 169 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 88 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 76 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 109 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды