Қостанай облысында АЭС (атом электр станциясын) салу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, елдегі энергиямен жабдықтаудың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін кемінде үш, ал болашақта төрт атом электр станциясын салу жоспарлануда.
Сәтқалиевтің сөзінше, болжамды энергия балансы, сондай-ақ экологиялық және сейсмикалық қауіпсіздік талаптары ескеріле отырып, бірқатар әлеуетті алаңдар зерттелген.
“Қазақстанда атом энергетикасын дамытуға арналған бірнеше бірегей алаң бар. Ең алдымен, бұл — Балқаш маңы, ол жерде алтыға дейін ірі энергетикалық блок салуға мүмкіндік бар. Курчатов қаласы да үлкен әлеуетке ие — мұнда шағын немесе орта қуатты атом реакторларын дамытуға болады. Сонымен қатар Батыс Қазақстан бар, онда энергетикалық қондырғыларды аралас режимде пайдалану тәжірибесі қалыптасқан”, — деді ол.
Агенттік басшысы елдің басқа өңірлеріне де тоқталды.
“Энергия балансына сүйенсек, Қостанай алдағы 20–30 жыл ішінде Қазақстанда атом станциясын салуға перспективалы орындардың бірі болуы мүмкін”, — деп хабарлады Сәтқалиев.
Осылайша, Қостанай облысы ұзақ мерзімді перспективада АЭС салуға ықтимал алаңдардың бірі ретінде қарастырылуда.








