Қазақстандықтар Кореяда заңды жұмыс істей ала ма: Шешуші кезең басталды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Қазақстан азаматтарының Оңтүстік Кореяда заңды жұмысы істеу мәселесін шешу жөніндегі келіссөз қай деңгейде екенін айтты, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Ол қазір екінші, шешуші кезең басталғанын алға тартты.

“EPS жүйесіне енгізу үшін үш кезеңнен тұратын келіссөз жүргізіледі. Біз бірінші кезеңінен өткен едік. Алайда Оңтүстік Корея президентінің ауысуына байланысты осы мәселе жарты жылға тұралап қалды. Жаңа президент қызметіне кіріскеннен кейін бұл елдегі еңбек министрлігі осы жұмыстарды жандандырды. Қазір екінші кезең аясында келіссөзді жалғастырып жатырмыз. Бұл ретте Алматы қаласында EPS орталығын ашу жоспарланған. Олар осы ғимараттарды қарап, белгіледі. Енді сол ғимаратта EPS орталығын ашуға әкімшілікпен тиісті жұмысты жүзеге асырып жатырмыз. Бұл ақпараттың бәрін Кореяға жолдадық. Барлығы келісімнен өтсе, онда олар келіссөзді премьер-министр деңгейіндегі үшінші кезеңге шығарады”, – деді Ертаев.

Оңтүстік Корея Қазақстанды EPS жүйесіне енгізу туралы түпкілікті шешім қабылдауға кірісетін көрінеді. Бұл іс-шаралар жыл соңына дейін аяқталуы мүмкін.

“Олармен тұрақты байланыстамыз. Қазақстан елшілігі ерекше мән беріп отыр. Бұл елде 10 мың Қазақстан азаматы заңсыз жүр”, – деді ведомство басшысы.

Айта кетейік, EPS жүйесі (Employment Permit System) өз жұмысын 2004 жылдың 1 тамызында бастады және қазірге дейін бұл жүйе бойынша 20-ға жуық елдің азаматы Оңтүстік Кореяда жұмыс істей алады.

Бұл азаматтарға осы елде 4 жыл 10 айға дейін тұруға мүмкіндік береді. EPS жүйесіне қатысу үшін Корея жағы EPS дайындық орталықтарына баруды талап етеді. Бұл орталықтарда Оңтүстік Кореяда жұмысқа орналасқысы келетіндер тілді үйрену курстарынан, көші-қоні және медициналық мәселелерге қатысты тестілеуден өтеді.

Фото: depositphotos.com

Related Posts

АҚШ Ирандағы соғысқа 25 миллиард доллар жұмсаған

АҚШ Қорғаныс министрлігі Ирандағы соғысқа кеткен шығын шамамен 25 миллиард долларды құрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі NPR…

Толығырақ

Үш бала қаза тапқан: Астанадағы өртке әзірге күдікті жоқ

Астанадағы “Көктем-3” тұрғын үй кешенінде үш бала қаза тапқан өртке қатысты күдікті әзірге жоқ, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі….

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 67 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 96 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 168 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 88 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 76 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 109 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды