Қостанай облысында үш полицей заңсыз әрекеттер жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ мәліметінше, 17 наурыз күні Қостанай облысы полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімшесі өңірлік ҰҚК департаментімен бірлесіп, Рудный қалалық полиция басқармасының үш қызметкерін құқыққа қарсы әрекеттер жасады деген күдікпен ұстаған.
“Күдіктілер ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан шығарылып, қамауға алынды. Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасуда”, – деп хабарлады ІІМ.
Айта кетейік, кейбір өңірлік БАҚ-тар облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап, тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігі “Пара алу” бойынша жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Фото: depositphotos.com








