Маңғыстауда нөсер жауыннан 500-ге жуық мал қырылып қалған

Маңғыстау облысында нөсер жауын салдарынан 500-ге жуық мал қырылып қалған, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Қарақия ауданы әкімдігінің хабарлауынша, 20-сәуірде 237 бас мал табылған. Оның 108-і жылқы. 5-еуі тай, 10-ы құлын. Сонымен қатар, 2 түйе, 5 бота, 107 қой мен ешкі бар. Ал, 21- сәуірде өлген 316 бас мал анықталған. Жылқы – 134, тай – 9 бас, құлын – 19, 154 қой мен ешкі. Осылайша, екі күн ішінде аудан бойынша жалпы саны 553 бас мал шығыны тіркелген.

Маңғыстау облысының әкімдігі жағдайға қатысты пікір білдірді.

“Қазіргі уақытта Қарақия ауданында жердің шайылып, батпақтануына байланысты жергілікті атқарушы органдар өндірістік кәсіпорындармен бірлесіп арнайы техникаларды тарту жұмыстарын жүргізуде. Қазір мал басын есепке алу және тиісті актілерді рәсімдеу жұмыстары атқарылып жатыр. Актілер жасалып, жануарлар чиптері арқылы сәйкестендірілгеннен кейін, ветеринарлық қызметпен бірге арнайы техника қолдана отырып, қырылған малды жою жұмыстары басталады. Мал шығыны бойынша өтемақы төлеу мәселесі қолданыстағы заңнама аясында қаралатын болады”, – деп хабарлады облыс әкімдігі.

Жылқылары қырылған шаруалар жергілікті биліктен өтемақы төлеуді және өлген жануарларды жою жұмыстарын ұйымдастыруды сұрайды.

Фото: kaz.inform.kz

Related Posts

Үш бала қаза тапқан: Астанадағы өртке әзірге күдікті жоқ

Астанадағы “Көктем-3” тұрғын үй кешенінде үш бала қаза тапқан өртке қатысты күдікті әзірге жоқ, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі….

Толығырақ

Нұрай Серікбайдың өліміне күдіктінің сот-психиатриялық сараптама қорытындысы шықты

Нұрай Серікбайдың өліміне күдіктінің сот-психиатриялық сараптама қорытындысы шықты, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 67 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 96 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 168 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 88 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 76 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 109 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды