Алматыдағы аялдамада ер адам зейнеткерді соққыға жыққан

Алматыдағы аялдамада белгісіз ер адам зейнеткер әйелді соққыға жыққан, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Ер адамның зейнеткерді соққыға жыққан сәті видеоға түсіп қалған.

“Бүгін Бостандық ауданында, Санаторий Алматы көшесінде анама – 66 жастағы зейнеткер әйелге белгісіз жас жігіт шабуыл жасады. Ол аялдамада автобус күтіп тұрған. Жігіт артынан келіп, еш себепсіз аяусыз ұра бастаған. Айналада адам азайған сәтті күткен. Қазір анам ауруханада. Жағдайы өте ауыр. Бұл видеоны көру қиын. Бірақ оны көру керек. Мен мұны қаралым үшін жариялап отырған жоқпын. Бұл туралы барынша көп адам білгенін қалаймын”, – деп жазды жәбірленушінің қызы Threads желісінде.

Ол күдіктінің заң бойынша қатаң жазалануын талап етуде.

Алматы қалалық Полиция департаменті мәліметінше, аталған дерек бойынша Бостандық ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған.

“Қылмыс жедел түрде ашылды. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаны жан-жақты және объективті тергеуге бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде. Жазаның бұлтартпастығы – ішкі істер органдары жұмысының негізгі қағидаты. Зорлық-зомбылықпен байланысты кез келген құқықбұзушылық тоқтатылып, кінәлілер толық жауапкершілікке тартылады”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында күдіктінің бұрын адам өлтіру және денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактілері бойынша сотталған 25 жастағы ер адам екенін жазған.

Видеодан скрин

Related Posts

Үш бала қаза тапқан: Астанадағы өртке әзірге күдікті жоқ

Астанадағы “Көктем-3” тұрғын үй кешенінде үш бала қаза тапқан өртке қатысты күдікті әзірге жоқ, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі….

Толығырақ

Нұрай Серікбайдың өліміне күдіктінің сот-психиатриялық сараптама қорытындысы шықты

Нұрай Серікбайдың өліміне күдіктінің сот-психиатриялық сараптама қорытындысы шықты, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 67 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 96 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 168 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 88 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 76 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 109 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды