Жанабыловтар ісі бойынша сот 27 сәуірге қалдырылды

Блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты сот процесі 27 сәуірге қалдырылды. Бұл туралы прокурор Олжас Хайруллаев өтініш білдірді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Сот процесінің кейінге қалдырылуына процессуалдық келісімді талқылау себеп болған. Мемлекеттік айыптаушы мәміле бойынша шешім қабылдау үшін қосымша уақыт сұрады. Оның айтуынша, тараптарға келісім шарттарын талқылауды жалғастыру қажет.

“Процессуалдық келісімді жасасуға байланысты оның шарттарын талқылау үшін бізге әлі де уақыт қажет. Қазіргі таңда осы мәселені қарастырып жатырмыз”, — деді Олжас Хайруллаев.

Сот отырысты 27 сәуір күні сағат 15:00-ге қалдыру туралы шешім шығарды.

Бүгін сотта мәміле жасау бастамасын Эльмира Төлегенова көтерді. Соңғы сөзінде ол күтпеген жерден сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін процессуалдық келісім жасасуды сұрады.

“Өз құқығымды пайдалана отырып, сіздер кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін процессуалдық келісім жасасу туралы өтініш білдіремін. Келісімнің барлық шарттары бізге түсіндірілді”, — деді ол.

Процессуалдық келісім — бұл қылмыстық іс аясында күдікті (немесе айыпталушы) мен прокурор арасындағы келісім. Оның мәні — адам кінәсін мойындап, тергеумен ынтымақтасады, ал оның орнына жеңілірек жаза алады немесе іс сотта жеңілдетілген тәртіппен қаралады. Мұндай тетік сот процесін жеделдетіп, соттарға түсетін жүктемені азайтады, алайда барлық жағдайда қолданыла бермейді және тараптар мен соттың келісімін талап етеді.

Related Posts

АҚШ Ирандағы соғысқа 25 миллиард доллар жұмсаған

АҚШ Қорғаныс министрлігі Ирандағы соғысқа кеткен шығын шамамен 25 миллиард долларды құрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі NPR…

Толығырақ

Үш бала қаза тапқан: Астанадағы өртке әзірге күдікті жоқ

Астанадағы “Көктем-3” тұрғын үй кешенінде үш бала қаза тапқан өртке қатысты күдікті әзірге жоқ, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі….

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 67 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 96 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 168 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 88 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 76 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 109 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды