Қазақстанда ескі 2000 теңгелік купюралар енді қабылданбайды

Қазақстан Ұлттық банкі ескі үлгідегі банкноттарды айналымнан шығару мерзімі жақындағанын мәлімдеді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

2026 жылғы 24 маусымда ескі үлгідегі 2000 теңгелік банкноттарды пайдалану мерзімі аяқталады.

“2026 жылы 2000 теңгелік банкноттар үшін қатар қолданылу кезеңі аяқталады – ол 2024 жылғы 25 желтоқсаннан 2026 жылғы 24 маусымға дейін жалғасады”, – деп еске салды Ұлттық банк өкілдері.

Бұған дейін 2026 жылғы 27 маусымда ескі үлгідегі 10 000 теңгелік купюра да айналымнан шығарылады деп хабарланған еді. Алайда қаржы реттеушісі бұл мерзімді тағы бір жылға ұзартты.

“10 000 теңгелік банкноттардың қатар қолдану мерзімі бір жылға – 2027 жылғы маусымға дейін ұзартылғанын хабарлаймыз”, – делінген ресми жауапта.

Егер азаматтар ескі купюраларды белгіленген мерзімге дейін жұмсап үлгермесе, оларды екінші деңгейлі банктерде және “Қазпошта” АҚ бөлімшелерінде айырбастай алады.

“Айналымдағы қатарлас кезең аяқталған соң да барлық банктер мен «Қазпошта» АҚ ескі үлгідегі банкноталарды жаңа үлгідегі ақшаларға тағы 3 жыл бойы, ал Ұлттық Банктің филиалдары – мерзімсіз айырбастайтынын еске салғымыз келеді. Жаңа және ескі үлгідегі банкноталар айналымда қатар болған кезеңде заңды төлем құралы болып қала береді, олар өз құнына сай ҚР бүкіл аумағында төлемдер мен аударымдарда, банк шоттарына есептеуде қабылдауға жатады”, – деп хабарлады Ұлттық банк.

Ұлттық банк түсіндіруінше, қазір “Сақ стилі” банкноталарының жаңа сериясын кезең-кезеңімен шығаруды жалғастырады. 2026 жылдың соңына шығару жоспарланған 20 000 теңгені есепке алмағанда, барлық номиналдағы банкноталар айналымға шығып болды.

Фото: depositphotos.com

Related Posts

АҚШ Ирандағы соғысқа 25 миллиард доллар жұмсаған

АҚШ Қорғаныс министрлігі Ирандағы соғысқа кеткен шығын шамамен 25 миллиард долларды құрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі NPR…

Толығырақ

Үш бала қаза тапқан: Астанадағы өртке әзірге күдікті жоқ

Астанадағы “Көктем-3” тұрғын үй кешенінде үш бала қаза тапқан өртке қатысты күдікті әзірге жоқ, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі….

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 67 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 96 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 168 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 88 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 76 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 109 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды